Кезектен тыс Президент сайлауын бақылау үшін тіркелген байқаушылар саны 960-қа жетті - ОСК
АНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 3 сәуірге тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауын бақылау үшін елімізде тіркелген байқаушылар саны 960 адамға жетті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісінде мәлім болды.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты сөз қозғаған ОСК мүшесі Татьяна Охлапкованың айтуынша, бүгін ОСК Сыртқы
істер министрлігінің ұсынысымен халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 92 байқаушысын тіркеді. Олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы миссиясынан - 22, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мисссиясынан 44 байқаушы тіркелген. Сондай-ақ 13 шет мемлекеттен тағы 26 байқаушы тіркеліп отыр.