Кезектен тыс президент сайлауын өткізу қоғамды ауқымды мақсаттарға жету жолында ынтымаққа шақыра алады - Бас редакторлар клубы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасына орай үндеу жария етті.
Үндеуді бүгін Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексембай жариялады.
«Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі Қазақстан медиа қауымдастығы өкілдерінің атынан осы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысты қолдайтындығын білдіреді. Бұл бастама ел мүддесінен және халықаралық экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан туындап отыр.
Президент сайлауын кезектен тыс өткізу қоғамды ауқымды мақсаттарға жету жолында ынтымаққа шақыра алады деп сенеміз.
Алдағы уақытта мемлекеттік аппарат пен барша қазақстандықардың күш-жігері экономикадағы дағдарыс тренді салдарын азайтуға бағытталуы тиіс.
Бүгінгі күнде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткішін, сонымен қатар еліміздің бірлігі мен гүлденуінің бейбітшілік қорғаны екенін көрсетіп отыр. Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынуы құптарлық жайт.
Елімізде медиа сала мен азаматтық қоғам инстиуттары қарқынды түрде дамып келеді. Олар өздерінің жобаларын қоғамның әртүрлі әлеуметтік салаларында тиімді пайдалануда. Дамыған 30 елдің қатарына кіру идеясын құптау мақсатында барлық қазақстандықтарды, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын және үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдауға шақырамыз», - делінген Бас редакторлар клубы үндеуінде.