Кезектен тыс Президент сайлауына бақылау үшін тіркелген байқаушылардың саны 156 адамды құрады - ОСК
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы 3 сәуірге тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауын бақылау мақсатында елімізге келген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тағы 61 байқаушысын тіркеді.
Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия мүшесі Татьяна Охлапкова мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен тіркелген байқаушылардың 6-уы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясынан, 25 байқаушы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының миссиясынан, 3 байқаушы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының миссиясынан, 7 байқаушы халықаралық ұйымдардан және 20 байқаушы шет мемлекеттерден тіркелді. Сөйтіп кезектен тыс Президент сайлауын бақылау үшін тіркелген байқаушылардың саны - 156 адамды құрап отыр.