Кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға өтініш берген азаматтар саны 20-ға жетті
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына тағы бір азамат тіркелді.
Бұл туралы Бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарланды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 1965 жылы туылған Құрманғазы Рахметовты «Желтоқсан» республикалық, халықтық-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.
Бүгін кезектен тыс Президент сайлауына қатысу үшін өтініш беру мерзімі аяқталады. Осы уақытта келіп түскен ақпараттар бойынша кезектен тыс Президент сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген азаматтар саны 20-ға жетіп отыр.