Кезектен тыс сайлау өткізу дер кезінде жасалған ақылды да парасатты шешім - Мәжіліс депутаты

АНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Президентіміздің бүкіл елдің қолдауы мен Конституциялық кеңестің шешімін ескеріп,

Кезектен тыс сайлау өткізу  дер кезінде жасалған  ақылды да парасатты шешім - Мәжіліс депутаты

референдум орнына кезектен тыс сайлау өткізу жайлы ұсыныс беруі елдің елдігін, халықтың теңдігін, құқын қорғайтын дер кезінде жасалған ақылды да парасатты шешім деп ойлаймын», - деді бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Асхат Бекенов.

Отырыста «ҚР кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына қатысты ол «Бүгін біз тағы бір тарихи шешімнің алдында тұрмыз», - деп атап көрсетті. «Тәуелсіздік жағдайында еліміз басынан кешкен өмірімізді елестететін болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басқаруымен құрылған мемлекетіміз қаншалықты өзгергеніне көз жеткіземіз. Біз халықаралық құрметке ие тәуелсіз мемлекет құра алдық. Оның белгісі әлемнің 60-қа жуық мемлекетінің өкілі қатысқан ЕҚЫҰ-ның Саммиті. Тәуелсіздіктің басты жетістігі - еркіндік. Біз сол еркіндікке ие болдық. Еліміздің экономикасы нарықтық арнаға көшіп, мемлекеттің қауіпсіздік, қорғаныс, ішкі істер жүйесі құрылды. Елдің аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілді. Республикамызда Президенттік басқару жүйесі нақтыланып, нәтижесінде мемлекетіміз үлкен жетістіктерге жетті. Жаңа үлгідегі Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті құрылды. Біздің қайта өрлеу жігеріміз бен мүмкіндіктеріміздің бейнесі болған елордамыз Астанамызды салдық. Барлық көршілес елдермен келіссөздер жүргізіліп, шекарамыз айқындалды. Бұл ел қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі жолында атқарылған зор тарихи маңызы бар оқиғалар. Осының барлығы да Мемлекет басшысының ерен еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістіктер», - деді депутат.