Кезектен тыс сайлауды бүгінгі күні өткізу барынша оңтайлы - Айдос Сарым
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Айдос Сарым Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды.
«Президенттің бұл шешімі, менің көзқарасым бойынша, экономикалық жағдайға байланысты қабылданды. Бұл - қазіргі жағдай талабы. Сайлауды бүгін өткізу оңтайлы, өйткені геосаяси, геоэкономикалық жағдай нашарлауда. Бұл бір. Екіншіден, егер қазір тіркелген партиялар соңғы уақытта пайда болған сайлаушылар мен қоғамдық қайраткерлер класын қызықтыра алса, қоғамда қабылданса, бұл адамдар саяси үрдіске енгізіледі. Бұл бұрынғы Мәжіліс құрамына қарағанда, барынша қызықтырақ болады», - деп атап өтті сарапшы.