Кезектен тыс сайлауға бөлінген екі ай мерзім сайлау шараларын атқару үшін толық жеткілікті - Қ.Тұрғанқұлов

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД елдері орталық сайлау комиссиялары басшыларымен кездесіп, әріптестерімен мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына әзірлік жөнінде тәжірибемен бөлісті.

Кезектен тыс сайлауға бөлінген екі ай мерзім сайлау шараларын атқару үшін толық жеткілікті - Қ.Тұрғанқұлов

ОСК төрағасының сөзіне қарағанда, сайлау күнделікті жоспар бойынша, у-шусыз тұрақты өтіп жатыр. Елде 9 мың 725 сайлау комиссиялары жұмыс істеуде. Сайлау комиссияларының барлығы

7 адамнан құрылған. «Кәсіби тұрғыда тек Орталық сайлау комиссиясының өкілдері қызмет етуде. Бүгінде ОСК-ның құрамында 41 адам бар. Ал өзге сайлау комиссиялары қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Олардың барлығы да сайлауды тұрақты ұйымдастырып келе жатқан азаматтар. Жалақыны біз оларға сайлау науқанында атқарған жұмыстары үшін төлейміз», - деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, кезектен тыс сайлауға бөлінген екі ай мерзім, сайлау шараларын атқару үшін толық жеткілікті екендігін көрсетті. Қазіргі таңда сайлау комиссияларының өкілдері толықтай оқу шараларымен қамтылып, осы уақытта дауыс беру учаскелері сайлауға сақадай-сай. «Сонымен қатар биылғы жолғы сайлауда біз электронды дауыс беру жүйесін қолданудан бас тартып отырмыз», - деді Қ.Тұрғанқұлов.