KFC-ден 5 млн. теңге бопсалаған адам сот залынан босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Caspian International Restaurants сompany» компаниясынан 5 миллион теңге бопсалаған С. есімді адам сот залынан босатылды.
«Бүгін Соттың үкімімен С. есімді азамат ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша кәнәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ, ҚР ҚК 63-бабын қолданылып, ол 3 жыл шарты түрде жазасын өтейтін болды», - деді Астана қалалық судьясы Ерлан Құсмұратов.
Еске салайық, 2014 жылғы қазанда Қазақстанда «KFC» сауда белгісінің иегері «Caspian International Restaurants Company» (CIRC) компаниясының электронды поштасына бүркеншік есіммен хат түсті, онда егер компания 5 000 000 теңге көлемінде ақша бермесе, «KFC» өнімінде құрт бар екендігі туралы ақпаратты таратып жіберетіні жайлы айтып, ақша талап еткен. Хатты алған компания басшылығы ҚР ІІМ шағым түсірді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін, 2014 жылғы желтоқсанда компаниядан бопсалаған ақшалай қаражатын алу кезінде 1982 жылғы туған С. есімді адамды қолға түсіреді.