KFC мейрамханаларында жеуге жарамды стақандарға құйылған кофе сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы KFC жылдам тамақтану мейрамханаларында кофені жеуге болатын стақандарға құйып бере бастады. Бұл туралы The Daily Mirror хабарлайды.

KFC мейрамханаларында жеуге жарамды стақандарға құйылған кофе сатыла бастады

Жаңа ыдыс әуелі қант қағазына оралған, одан кейін компанияның логотипі жазылған ыстыққа шыдамды ақ шоколадтан құйылған печеньеден тұрады.

Стақанның басында қатты екені және оны жеу қиын болатыны, бірақ сәл уақыттан соң ери бастайтыны атап өтіледі. Бұл ыдыс тәжірибелік ыдыстарды шығарумен айналысатын The Robin Collective компаниясымен бірлесіп шығарылған. Фирма өкілі Бренди Райт жаңа стақандарды толықтай жеуге болатынын және оларға табиғи хош иістендіргіштер сіңірілгенін мәлім етті.