ҚФФ Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне нидерландтық маман Джон ван'т Схипті тағайындады. Бұл турады Қазақстан футбол федерациясында өткен ресми таныстыру рәсімінде жария етілді.
Сонымен қатар ұлттық құраманың бапкерлер штабына Нұрбол Жұмасқалиев қосылды. Ол бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарады. Оған қоса штаб құрамында Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылар бапкері, Вадим Боровский – дене дайындығы жөніндегі бапкер, Тимур Құсайынов аналитик болып жұмыс істейді.
62 жастағы Джон ван'т Схип бапкерлік мансабында Грекия және Армения ұлттық құрамаларын жаттықтырған. Сондай-ақ Нидерланд құрамасының бапкерлер штабында қызмет атқарған.
Ол Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған екінші нидерландтық маман атанды. Бұған дейін 2006-2008 жылдары ұлттық құраманың тізгінін Арно Пайперс ұстаған еді.
Джон ван'т Схип жетекшілік ететін Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ресми матчын 26 қыркүйекте Фарер аралдары құрамасына қарсы өткізеді. Бұл кездесу Ұлттар лигасы аясында өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов бір айдан астам уақыт бұрын өз еркімен қызметінен кеткен еді.
Сонымен қатар ҚФФ кәсіби турнирлер күнтізбесін құруда жасанды интеллект жүйесін енгізіп жатыр.