18:25, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚФФ мәлімдемесі: «Динамо» қақпашысы В. Мандрыкин Қазақстан құрамасына кандидат болып табылмайды
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ресейдің Брянск қаласы «Динамо» футбол клубының қақпашысы Вениамин Мандрыкин Қазақстан құрамасына кандидат болып табылмайды.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясы осындай ресми мәлімдеме таратты.
«Соңғы уақыттарда Қазақстанның және Ресейдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына Брянскінің «Динамо» клубының қақпашысы Вениамин Мандрыкинді тарту мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланды. Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде мәлімдейді: аталмыш ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан футбол федерациясы аталмыш ойыншыны Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына тартуға қызығушылық танытып олтырған жоқ», делінген Федерацияның таратқан хабарламасында.