ҚФФ президенті лауазымына Е.Қожағапановтың кандидатурасы ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өткен брифингте Қазақстан Фубол федрациясының экс-президенті Әділбек Жақсыбеков өз орнына Е.Қожағапановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Sports.kz сайты.
None
None

«Мен Ерлан Қожағапановты ұсындым. Оның әкімшілік жұмыста мол тәжірибесі бар, спортты да жақсы біледі. Заманауи көзқарасы бар. Қазіргі уақытта ол бос әрі футболға толығымен зейін аудара алар еді. Жаңа басшы жаңа көзқараспен келеді», - деді Ә.Жақсыбеков.

Айта кетейік, бүгін 2007 жылдан бері Қазақстан Футбол федерациясына басшылық жасап келген Ә.Жақсыбеков бұл қызметінен кететіндігін ресми жария еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар