ҚФФ жаңа бастаманы жүзеге асырмақ
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚФФ жанкүйерлерге наурыз айында басталатын Қазақстан премьер лигасының барлық ойындарын көрсетеміз деп отыр, деп хабарлайды «Аламан» агенттігі.
Бүгінге дейін біз теледидардан тек орталық матч саналған ойындарды көріп келген болатынбыз. Енді «ҚФФ-ТВ» жобасы ғаламтор арқылы елдегі біріншіліктің кез келген кездесуін тікелей көрсетіп қана қоймай, ойындардың бейнежазбасын да жанкүйерлерге ұсынбақшы.