ҚХА: 1 қыркүйектен бастап, ЖОО-да этникалық толеранттылық туралы дәріс оқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 1 қыркүйектен бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары құрылған барлық ЖОО оқу бағдарламаларына «этникалық толеранттылық» туралы дәрістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының екінші отырысында ҚХА төрағасының орынбасары, ЕҰУ-дағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков айтты.

ҚХА: 1 қыркүйектен бастап, ЖОО-да этникалық толеранттылық туралы дәріс оқылады

«Бүгін өткен жылдың 22 қазанында құрылған ҚХА кафедралары меңгерушілерінің республикалық қауымдастығының екінші орытысы өтіп жатыр. Біз неге үш ай өтпей жатып отырыс өткіздік? Өйткені, жаңа жыл басталды, бұл - ҚХА жылы. Бұл жыл осынау ерекше институтқа арналған тарихтағы тұңғыш жыл ретінде есте қалмақ», - деп атап өтті ол.

А. Башмаковтың айтуынша, отырыстың екінші мақсаты - этникалық толеранттылық бойынша дәрістер курсын жоспарлау.

«Бізде қазірдің өзінде оқу жоспарының немесе арнайы курстың бірнеше нұсқалары бар. Ал атауын әлі кәсіби түрде өзгертеміз. Сондай-ақ, бізде ұзақ уақыт бойы ЖОО жүйесінде қызмет еткен мамандар да бар. Сондықтан, биылғы 1 қыркүйектен бастап, ҚХА кафедралары бар барлық жоғары оқу орындарында бірінші курстардың бағдарламасы аталған дәрістерді енгізгенін қалаймыз», - деді ол.