ҚХА 20 жылдығын мерекелеу бойынша дайындық басталды - Ералы Тоғжанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.
None
None

«18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды ҚХА жылы деп жарияланғанын хабарлаған болатын. Бұл өте маңызды және біз үшін символдық мәнге ие. Себебі келесі жылы ҚХА-ның құрылғанына және Қазақстан Конституциясына 20 жыл толады. Бұл шараға біз дайындықты бастап кеттік», - дейді Е.Тоғжанов.

Оның сөзіне қарағанда, 1 наурыздан бері елде бейбітшілік және келісімнің жол картасы аясында іс-шаралар өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум