ҚХА бастамасы елдің тілегін білдіреді, демократия дегеніміз осы - ресейлік сарапшы
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ҚР Президенті сайлауын өткізу бастамасы ел азаматтарының тілегін білдіреді, демократия дегеніміз осы, деп санайды Өңірлік проблемалар институтының бас директоры Дмитрий Журавлев.
«Егер халық сайлау өткізу қажет деп санаса, демек бұл дұрыс шешім, демократия дегеніміз осы. Бұл пікір көпшілік қолдауына ие болса, демек, солай жасау қажет, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы - халықтың бет-бейнесі», - деді ресейлік сарапшы.
«Сайлау - халықтың билік қызметін бағалауы. Демек, халық өз бағасын беруге дайын», - деп атап өтті Д. Журавлев.