ҚХА бастамасын қолдау тұрақтылық пен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі болады - Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлау өткізу бастамасына орай қазақстандықтарға үндеу жолдады. Үндеу мәтінін бүгін «Агромаш» холдингі сауда үйінің директоры Серік Әжімұратов жария етті.
«Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығы ағымдағы жылы Президент сайлауын өткізуді қолдайды. Қауымдастығымыздың қызметі Қазақстандағы өркениетті автонарықты құруға және автоөнеркәсіптік саланы дамытуға бағытталған. Бүгінгі күні автомобиль саласы қалыптастырылды және дамудың жаңа кезеңіне бастау алуда.
Барлық мемлекеттік бағдарламалар саланың тұрақты дамуына бағытталған. Бизнеспен өзара тиімді әрекеттестік деңгейі қамтамасыз етіледі. Қазақстан ел Президентінің көреген саясатының арқасында бүгінгі күні барлық әлемдік қоғамдастыққа танылып, қысқа уақыт ішінде экономиканың көшбасшысы бола алған демократиялық мемлекет болды. Елбасының басшылығымен жүргізілген табысты әлеуметтік-экономикалық реформалар елімізде бірлікті, бейбітшілік пен келісімді және ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Барлық жеңістерімізді, жетістерімізді біз тек бір адаммен, яғни, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланыстырамыз. Біз қазіргі уақытта барлық жауапкершілікпен Қазақстан халқы ссамбелясының бастамасын құптайтындығымызға сенім білдіреміз. Барық қазақстандықтарды өздерінің тарихи таңдауларын жасауларына және біздің Президенттің алдына қойған мақсаттарына жетуіне өз күштерін жұмылдыруға, демек, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылуға шақырамыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын жалпы қоғамдық қолдау тұрақтылық пен еліміздің одан арғы әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі болатындығына сенеміз», - делінген С.Әжімұратов жария еткен үндеуде.