ҚХА бір жылда 44 мың балаға қазақ тілін оқытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы 44 мың бала қазақ тілін үйренген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚХА төрағасының орынбасары - секретариаттың хатшысы Ералы Тоғжанов мәлім етті.
None
None

Е.Тоғжанов атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында көп мақсаттар көзделген. Бірақ, Ассамблея о бастағы жоспарларды артығымен орындап, жылды жемісті аяқтап отыр. «Біз жоспарды артығымен орындадық. Мемлекеттік тілді дамыту бағытында кемінде 1000 балаға қазақ тілін үйретеміз деп жоспарлаған едік. Ал, жыл қорытындысы бойынша 44 мың балаға мемлекеттік тілді оқыттық»,-дейді Е.Тоғжанов. Сондай-ақ, қазақстандықтарға әлеуметтік көмек ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Менің Қазақстаным» акциясының аясында 50 мыңнан астам адамға тегін медициналық көмек көрсеткен. Ал, «Қамқор» акциясы бойынша, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жалпы сомасы 413 млн теңге көмек көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар