ҚХА-дан сайланатын депутаттар үшін 451 бюллетень дайындалады - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттарын сайлауға 451 бюллетень дайындау туралы қаулы қабылдады.
None
None

«2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша дайындалуға тиіс сайлау бюллетенінің саны тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз резервін қоса алғанда 451 дананы құрайтын болып белгіленсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Сонымен қатар ол аталған қаулымен сайлау бюллетенінің мәтіні мен қорғалу дәрежесі де бекітілетіндігін айтты.

Сайлау бюллетеньдерін Астана қалалық сайлау комиссиясына 2016 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей жеткізілуі тиіс», - деді Б.Мелдешов.

Соңғы жаңалықтар