ҚХА-дан сайланған Мәжіліс депутаттары жаңа Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігін қолдауға мүдделі

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы жаңадан құрылатын Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің қызметін белсене қолдауға мүдделі.

ҚХА-дан сайланған Мәжіліс депутаттары жаңа Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігін қолдауға мүдделі

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Егор Каппель айтты.

«Мен ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігін құру мәселесіне тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы сондай агенттік құру туралы Жарлыққа қол қойғанын білесіздер. Бұл әрбір қазақстандыққа ауадай қажет құрылым, өйткені еліміздің түкпір-түкпіріндегі әрбір азаматтың әлеуметтік ахуалы сол агенттіктің жұмысына тікелей байланысты болмақ. Сондықтан біз өңірлердегі мәслихат депутаттары топтары арқылы аталған ведомствоның қызметін белсене қолдауға мүдделіміз», - деді Е. Каппель.