ҚХА Хатшылығының меңгерушісі ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті

А. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат. Қаңтардың 19-да Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановтың ЕҚЫҰ жанындағы Аз ұлттар жөніндегі Бас Комиссар (АҰБК) Кеңсесінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі ҚХА және АҰБК арасындағы өзара жұмыстың ұлттық күн тәртібін талқылауға арналды,

ҚХА Хатшылығының меңгерушісі ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті

деп хабарлады ҚХА Хатшылығынан.

ЕҚЫҰ делегациясында АҰБК аға саяси кеңесшісі Сабина Махль (Sabina Machl), саяси кеңесші Дмитрий Алешкевич (Dmitri Alechkevitch), жоба үйлестірушісі Кристиан Кнуст (Christian Knust) бар.

Сындарлы диалог барысында ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның мемлекеттік органдары мен этномәдени бірлестіктер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл жүйесін орнату тәжірибесімен, мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру тетіктерімен танысып, қазіргі таңдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері мен қызметі, оның АҰБК және ЕҚЫҰ өзге де құрылымдарымен өзара іс-әрекет етуі туралы сөз қозғалды.

Іс-шара нәтижесінде шетелдік делегация өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық келісімді сақтау бағытындағы маңызды рөлін ерекше атап, еліміздің ЕҚЫҰ-ға сәтті төрағалық етуіне төзімділіктің қазақстандық үлгісі кепіл болады деген пікір білдірді.