ҚХА Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХА барша қазақстандықтарды шапағаты мол Құрбан айт мерекесімен құттықтайды, - деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.

ҚХА Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

« Қымбатты отандастар! Мейірімділік пен әділеттілік жолында ізгілік пен асқан жанашырлықтың салтанат құруын барынша айқын бейнелейтін исламның басты мерекелерінің бірі - Құрбан айт - Қазақстанның барлық азаматтарын ұйыстырушы, біріктіруші халықтық дәстүрге айналды.

Құрбан айт - қоғамның рухани өміріндегі маңызды оқиға, оның ішкі мазмұны халқымыздың рухани құндылықтарын бейнелейді, ал жоғары имани әлеуеті бейбітшілік пен келісімді, қазақстандық қоғамның беріктігін одан әрі нығайта түсуге қызмет етеді.

Қымбатты жерлестер! Бүгінгі қасиетті күн баршамызға шапағат-нұрын төгіп, болашаққа жолымызды ашсын!

Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір мен береке, зор денсаулық, алға қойған мақсаттарына табыспен қол жеткізулерін тілейміз!

Мереке Сіздердің отбасыларыңызға қуаныш пен өркендеу әкелсін!» - делінген құттықтауда.