ҚХА Кеңесінде көтерілген бастама дер кезінде жарияланып отыр деп есептеймін - неміс ғалымы М.Дорнфельд
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінде көтерілген бастама дер кезінде жарияланып отыр деп есептеймін, деді Германиядағы Потсдам университетінің саясаттану ғылымының докторы Матиас Дорнфельд «Егемен Қазақстан» басылымына айтқан пікірінде.
«Аса маңыздысы - мұндай тілекті Қазақстан халқының өзі білдірді. 2015 жылы өтетін президент сайлауы бүкіл әлемдегі қаржы экономикалық дағдарысқа қарамастан Қазақстанға өзі қай кезде де ұстанып келе жатқан тұрақтылық бағытын сақтап қалуға көмектеседі деп санаймын», - деді Матиас Дорнфельд.