ҚХА мүшелері қасиетті жерлердің тарихымен танысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар қанатының жетекшілері өңіріміздегі тарихи, киелі орындарымен танысып қайтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыруды көздеген этнографиялық экспедиция мүшелері алдымен бірліктің бастауы болған Ордабасы тауына барды. Тутөбенің тарихымен танысып, бабалар аманаты да, бүгінгі Қазақ елінің ұраны да - бірлік пен ынтымақ екенін сөз етті.
null 

Облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов бір үйдің баласындай болған өңірлік ассамблея атынан «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының мұражайына көне тұрмыстық бұйымды тарту етті. Одан кейін экспедиция мүшелері ежелгі Отырар, Сауран қалашығында болып, Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етті. Тарихи нысандардың рухани, мәдени құндылықтарымен тереңірек танысты. Қасиетті орындардың сырына қаныққан ассамблея мүшелері Елбасының «Туған жер» бағдарламасы барша қазақстандықтардың рухын көтеріп, патриоттық сезімін жоғарылатуға ықпал ететінін айтты.
null

Айта кетейік, елімізде рухани жаңғыруға бастайтын бағдарлама осылай этнос өкілдері тарапынан қолдау табуда. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, аймақтағы тарихи орындарға әр этномәдени бірлестіктердің саяхаттарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

nullnull

Соңғы жаңалықтар