«ҚХА-ның басты міндеті - ұлтаралық татулықты барынша нығайта түсу» - ауған орталығының төрағасы Васток Ахмадулла

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті - ұлтаралық татулықты барынша нығайта түсу және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға күш салу.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Ариана» ауған орталығының төрағасы, ҚХА төрағасының орынбасары Васток Ахмадулла мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір әлемде Қазақстандағыдай ұлттық саясатқа барынша көңіл бөліп отырған ел кемде-кем. Мұның айқын дәлелі - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ол елімізде мемлекеттік мәртебеге ие ұйым. «18 сәуір күні өткен XXI сессияда Елбасы Ассамблеяға жаңа міндеттер жүктеді. Бұл - бізге артылып отырған үлкен сенім. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығына Қазақстан халқы Ассамблеясы да үлес қосып келеді. Ассамблеяда қазір алдағы бір жыл ішінде атқарылар шаралардың нақты жоспары белгіленді. Өткен жылы Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына қол қойған болатын. Осы бағытта қазір қарқынды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бір ғана мысал, өткен жылы сәуір айында ғылыми-сараптамалық топ құрылды. Оның міндеті - елдегі этносаяси, конфессияаралық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ғылыми тұрғыда зерттеу, зерделеу, сараптау, баға беру және болжау. Ал қыркүйек айында Ұлттық кітапханада Алматы Қазақстан халқы Ассамблеясының депозитарийі ашылды. Онда Ассамблеяның барлық құжаттары топтастырылды. Енді кітапханада Ассамблеяға қатысты құжаттармен танысуға болады», - деді Васток Ахмадулла. Сондай-ақ ҚХА төрағасы орынбасарының мәлім етуінше, биыл этномәдени бірлестіктер «жастар қанатына» ерекше көңіл бөлуде. Осы бағытта көп ұзамай жастарды біріктіретін, жаңа істерге бастайтын жаңа ұйым құрылмақ. «Бұл жастармен бірге қоян-қолтық жұмыс жасауға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар