ҚХА-ның ОҚО бойынша өкілдігі жетім балаларға қайырымдылық акциясын өткізді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Арыс қаласындағы балалар үйінің 10 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алған ассамблея оларға қажетті мектеп формасы мен сырт киімдерді тарту етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Акция барысында Ассмаблеяның ОҚО бойынша төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов жас жеткіншектерге үнемі қолдау болатынын жеткізді. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің төрағалары балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Өзара түсіністік пен тұрақтылықтың, бірлік пен тыныштықтың, бауырмалдық пен сыйластықтың мән-мағынасы туралы әңгімеледі. Балаларға арнайы тігілген мектеп формаларын табыстады.
null

Аталмыш шарадан кейін балалар облыстық ассамблеяның жаңа ғимаратында орналасқан этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысып шықты. Шымкенттегі ойын-сауық орталығына қыдырып, көңілдерін бір сергітіп қайтты.
null

Естеріңізге салайық, биыл жыл басынан бері ҚХА-ның ОҚО бойынша өкілдерінің үйлестіруімен 27,6 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі мұқтаж жандарға берілген болатын.

null

Соңғы жаңалықтар