ҚХА облыстық ЖОО-ларда толеранттылық кафедраларын құруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы облыс орталықтарындағы жоғары оқу орындарында толеранттылық кафедраларын құруды қолға алды.

ҚХА облыстық ЖОО-ларда толеранттылық кафедраларын құруда

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Орыс, славьян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы Анатолий Башмаков айтты.

«Осыдан жарты жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша Еуразия ұлттық университетінде тұңғыш толеранттылық кафедрасы ашылды. Екі күннен кейін тура осындай кафедраны Көкшетауда ашамыз, сосын Қостанай, Қызылорда, Павлодарда, сондай-ақ Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінде ашамыз. Осылайша біз мұндай кафедралардың тұтастай бір желісін құрамыз», - деді ол.

Оның айтуынша, ЕҰУ-дегі бірінші кафедра әдістемелік орталық ретінде болады. «Олар мәдениетті дамытуға көп көмегін тигізеді деген ойдамыз», - деп атап өтті депутат.