ҚХА сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

ҚХА сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды

«2016 жылғы 6 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды, ол 2016 жылғы 19 наурызда сағат 24:00-де аяқталады», - деді Т.Охлопкова.

Оның еске салып өткеніндей, 2 наурызда ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмысына республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.

Теледидар бойынша сайлауалды бағдарламамен шығуға әрбір кандидатқа 139000 теңге бөлінеді; бағдарламамен радиода бағдарламамен шығуға - 82000 теңге, баспа басылымдарында екі мақала жариялауға - 178000 теңге; сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға - 33000 теңге; үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға - 66000; көліктік шығыстарға - 132000 теңге.

«Бұған қоса, республикалық бюджеттен ҚР ОСК белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығымен бірыңғай стандартта кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар әзірлеуге ақша бөлінеді, олар Астана қалалық сайлау комиссиясында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылады» - деп атап өтті ол.

Т. Охлопкова, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына кедергісіз және тең қол жеткізуіне сайлау заңнамасы кепілдік беретінін атап өтті.

БАҚ тіркелген барлық кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беруде тең жағдайлар жасауы тиіс.

Кандидаттардың барлық үгіттік баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт науқаны сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өтетіне және барлық кандидаттар белгіленген тәртіпті ұстанатынына сенім білдіреміз» - деп түйді сөзін Т. Охлопкова брифинг соңында.