ҚХА сессиясы «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы» ұранымен өткізіледі
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының он жетінші сессиясын шақыру туралы Өкім шығарды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялап отыр.
Өкім
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 18 наурыз
№469
Қазақстан халқы ассамблеясының он жетінші сессиясын шақыру туралы
- 1. Астана қаласында 2011 жылдың 18 сәуірінде «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы» күн тәртібімен Қазақстан халы ассамблеясының он жетінші сессиясы шақырылсын.
- 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының он жетінші сессиясын өткізуді ұйымдастыруға байланысты шараларды қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев