Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚХА шығармашылық ұжымдары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап бірлескен гала-концерт өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы «Қазмедиа Орталығының» ғимаратында (киноконцерт залында) Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен "Біздің күшіміз - бірлікте" атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының бірлескен гала-концерті өтті.

ҚХА шығармашылық ұжымдары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап бірлескен гала-концерт өткізді


Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, медиа-құрылымдар мен этномәдени бірлестігінің басшылары, сонымен қатар  еріктілер мен жастар бірлестіктері, дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

 

«Біздің күшіміз - бірлікте» атты республикалық акция  патриоттық сезімді қалыптастыру мен дамытуға, салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу, қолөнер дәстүрлерін сақтау, сондай-ақ Қазақстанның этномәдени орталықтарының мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған.