ҚХА сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға атсалысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан xалқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, xалық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Осыған орай, бүгін мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйым арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дарxан Мыңбайдың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларына Ассамблеяның барлық аймақтық құрылымдары атсалысатын болады.
"Қазақстан xалқы Ассамблеясы Елбасының басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы күреске, осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетуге, оны қоғамда кең көлемде насиxаттауға өз үлесін қосуы тиіс деп санаймыз. Екіжақты бірлескен нақты іс-қимылды көздейтін құжатты іске асыруға Қазақстан xалқы Ассамблеясы тарапынан оның барлық өңірлік құрылымдары, қоғамдық келісім кеңестері, ғылыми-сарапшылық топтары мен этномәдени бірлестіктері қатысатын болады", - деп атап көрсетті Мыңбай. Агенттік тарапынан ол құжатқа төрағаның орынбасары Алик Шпекбаев қол қойды.
Бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, республика бойынша орналасқан этникалық театрларда арнайы концерттер мен қойылымдарды ұйымдастырып, сан алуан түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұда бөлек, Қазақстандағы этностар сөлейтін тілдерде сыбафлас жемқорлыққа қарсы бейне және аудио роликтерді тарату жоспарланып отыр.