ҚХА тәжірибесі өзге елдерге үлгі - Румыния депутаты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Румыния Парламентінің депутаты, Демократиялық либералды партиясының мүшесі Ионаш-Флорин Урканмен кездесті.

ҚХА тәжірибесі өзге елдерге үлгі - Румыния депутаты (ФОТО)

Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогты одан ары дамыту мәселелері, гуманитарлық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттары қаралды. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар ҚХА-ның халықаралық серіктестігі аясындағы іс-қимылдарын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктерін талқылады.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық және конфессияаралық келісім моделі БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да таныстырылды. Атап айтқанда, бүгінде Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық мол. Тек өткен жылдың өзінде тәжірибе алмасу бойынша 24 мемлекеттің өкілдіктерін қабылдадық»,-деді Е. Тоғжанов.

Өз кезегінде Уркан мырза Қазақстанның жүргізіп отырған бейбітшілік пен келісім саясатын Румыния тарапы жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Сіздердің бұл бағыттағы жұмыстарыңыз тұрғысында, ҚХА қызметі бойынша өз құттықтауымды жеткізгім келеді. Менің ойымша, бұл бағыттағы жұмыстар оңай емес және бұл қадамдар барша Қазақстан халқы үшін маңызды»,-деді ол.
null null null null null null null