ҚХА жұмысына халықаралық деңгейдегі ұйымдар қызығушылық танытады
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы посткеңестік кеңістіктегі басқа Ассамблеялардың барлығынан ерекше. Өйткені ол Мемлекет басшысы басқаратын бірден-бір қоғамдық құрылым. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ахмет Мурадов мәлімдеді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы посткеңестік кеңістіктегі басқа Ассамблеялардың барлығынан ерекше. Өйткені ол Мемлекет басшысы басқаратын бірден-бір қоғамдық құрылым. Бұл Ассамблеяның мәртебесін халықаралық деңгейдегі ұйымдар қызығушылық танытатын дәрежеге көтереді», - деп атап өтті халық қалаулысы.
Оның айтуынша, қандай да бір шет елге Қазақстаннан делегация баратын болса, сол делегацияның құрамында міндетті түрде ҚХА мүшесі-этникалық топ жетекшісінің болуы Ассамблеяның мәртебесін көрсетеді.