КХДР 2011 жылы ядролық сынақ жүргізуі мүмкін - Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - КХДР-ның 2011 жылы үшінші рет ядролық сынақ жасауы мүмкін, олай болған жағдайда Корея Республикасымен бейбіт келіссөздер жүргізуден үміттенбесе де болады.

КХДР 2011 жылы ядролық сынақ жүргізуі мүмкін - Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі

Мұндай болжам Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі зерттеу иститутының жүйелі баяндамасында айтылады, деп хабарлайды Reuters.

Ертеректе Пхеньян бірнеше рет оңтүстік көршісіне қарсы ядролық «қасиетті соғыс» ашатыны туралы мәлімдегенін еске сала кетейік. Соңғы рет КХДР тарапынан мұндай қоқан-лоққы жақында ғана жасалған болатын.