КХДР 36 жылда алғаш рет партия съезін шақыруды ұйғарды
«Бүгінде біз өзіміздің қасиетті міндеттеріміз - гүлденген социалистік ұлт құрылысында үлкен өрлеуге және партияны одан әрі нығайтуға қол жеткізуде қиындықтарға кездесіп отырмыз», - делінген Саяси Бюроның шешімінде.
Съезд келесі жылдың мамыр айында өтеді. Съездің күн тәртібі әзірге жарияланған жоқ. Алайда сарапшылар онда ел үшін маңызды шешімдер қабылданатынын айтады. Киодо агенттігінің мәліметтері бойынша, съезд партияның 70 жылдығына орай шақырылуы мүмкін, оның салтанатты шаралары биылғы жылғы қазан айында өтті. Агенттіктің пайымдауынша, ел басшылығындағы партияның рөлі күшейтіліп, қоғамды нығайтудың жаңа бағыты ұсынылуы мүмкін.
Корея Еңбек партиясының соңғы съезі 1980 жылы өтті - онда Ким Ир Сен Ким Чен Ирді ресми түрде өзінің мұрагері етіп жариялады. Елдің қазіргі көшбасшысы Ким Чен Ын съезге алғаш рет қатысады.
Корея түбегі әлі де соғыс жағдайында деп саналады, өйткені, 1950-1953 жылдардағы соғыстан кейін бейбіт шартқа емес, татуласу туралы құжатқа ғана қол қойылды. КХДР мен Оңтүстік Корея шекарасында әлі күнге дейін үнемі жанжалдар болып тұрады.