Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

КХДР АҚШ алдын алу соққыларын жасаса, ядролық шабуыл жасайтынын айтып сес көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Құрама Штаттар КХДР бойынша алдын алу соққыларын жасаса, арты апатты  салдарға алып келеді. Бұл туралы "Нодон синмун" газетінде жарияланған халықтық республиканың ұлттық комитетінің  өкілі айтты, деп хабарлады  ТАСС.

КХДР АҚШ алдын алу соққыларын жасаса, ядролық шабуыл жасайтынын айтып сес көрсетті

Ол АҚШ-тан «КХДР-ға қарсы бағытталған әскери маневрларды дереу тоқтатуды, Корей жарты аралында орналасқан ядролық құралдарын әкетуді» талап етті.

 «АҚШ сананың үніне құлақ асып, оның апатты салдары  жайлы ойлануы қажет», - деп атап өтті комитет өкілі. Ол сондай-ақ «мұндай әрекеттің сәл белгілері пайда болған жағдайда, Пхеньян барлық агрессия және арандату базасын ядролық шабуылмен жоятынын ескертті».

АҚШ және Оңтүстік Корея ӘК 13 наруызда бірлескен Key Resolve командалық-штабтық оқу жаттығуын бастаған. Ол Корей жарты аралында америкалық әскердің шұғыл арту мүмкіндігін тексеруге бағытталған.  Сонымен қатар  жаттығу Foal Eagle ірі далалық маневрлермен жалғасуда. Оған барлық әскер қатысуда.