КХДР алғаш рет Оңтүстік Кореямен теңіз шекарасы арқылы зымыран ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Корея екіге бөлінген түбек тарихында алғаш рет Оңтүстік Кореямен теңіз шекарасы арқылы зымыран ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея президенті бұл оқиғаны «негізінен басқыншылық» деп атады.
Солтүстік Кореяның ұшырылған қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыраны түбектің шығыс жағалауындағы демаркациялық сызыққа жақын орналасқан Оңтүстік Кореяның Соrхчо қаласынан шамамен 60 км қашықтықта теңізге құлады.
Оңтүстік Корея жауап ретінде теңіз шекарасы арқылы теңізге үш зымыран ұшырды.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль зымыранды теңіз шекарасы арқылы ұшыру бұл КХДР тарапынан «негізінен аумақты басып алуға ұмтылу» екенін айтты.
Оңтүстік Корея әскерилерінің мәліметі бойынша, сәрсенбі күні таңертең солтүстік кореялықтар кем дегенде 10 зымыран ұшырған.
Корея Республикасының Бас штабы Оңтүстік Корея әскері «КХДР тарапынан мұндай арандатушылықтарға жол бермейтінін және Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың тығыз ынтымақтастығы аясында табанды және батыл түрде жауап берілетінін» мәлімдеді.
Оңтүстік Корея президенті мен Жапония премьер-министрі КХДР-да зымырандардың соңғы ұшырылымдарына байланысты өз елдерінде ұлттық қауіпсіздік кеңестерін шақырды.
Іс жүзінде теңіз шекарасы арқылы ұшқан зымыран одан 25 шақырым және Сокхчо қаласынан 57 шақырым жерде құлаған.
Бір күн бұрын Пхеньян Оңтүстік Корея мен АҚШ-тан осы аптадағы бірлескен оқу-жаттығуларды тоқтатуды талап етіп, одан бас тартқан жағдайда «қуатты» шараларды қолданамыз деп қорқытты.
Өткен айда КХДР АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония әскери күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларына жауап ретінде бірқатар ұшырылымдар жасаған еді.
Фото: YONHAP/REUTERS