КХДР алғаш рет сүңгуір қайықтарының баллистикалық зымыранын көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея, сенбі, 15 сәуірде, алғаш рет сүңгуір қайықтарының баллистикалық зымырандарын көрсетті, деп хабарлады Лента.ру.
Жұртшылық бұл зымырандарды КХДР басты ұлттық мерекесі - республиканың негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күніне орай Пхеньянда өткен шеруде алғаш рет көрді.
Мемлекеттік телевидение шеруді күтіп тұрған жүк көліктеріндегі «Пуккуксонг-2» СҚБЗ-ларды (сүңгуір қайықтардың баллистикалық зымырандары) көрсетті.
Жоғары бас қолбасшы ретінде КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын қатысуда, деп хабарлады оқиға орнынан ТАСС тілшісі.
КХДР-да мереке Корей жарты аралы айналасындағы халықаралық қысымды күшейту жағдайында өтуде. АҚШ ӘТК «Карл Винсон» басшылығымен өңірге соққы тобын шоғырландырды. Вашингтон егер Пхеньян тағы бір ядролық сынақ жасамақ болса, солтүстіккореялық әскери нысан бойынша ескерту соққысын жасауға әзір екендігі хабарланған. Пхеньян да ескерпе соққысымен сес көрсеткен.