КХДР баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР орталық телевидениесі "Хвансон-14" құрылықаралық баллистикалық зымыранды алғаш рет сәтті сынақтан өткізгені туралы көпшілікке жария етті, деп хабарлайды ТАСС.
Солтүстіккорейлік тараптың мәлімдемесінде зымыран ұшырылымының биіктігі 2802 шақырымды құрайды. Сондай-ақ зымыран 39 минутта 933 шақырымды ұшып өткен.
Ұшыру туралы бұйрықты КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын берді. Ол сондай-ақ сынақты бақылады.
Жапония қорғаныс министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, зымыран Жапон аралына құлады. Жапония қорғаныс ведомствосы зымыранның ұшу биіктігі 2500 шақырымға жеткенін мәлімдеді.