КХДР билігі: Ким Чен Ын туралы комедия экранға шықса, АҚШ-қа соғыс жариялаймыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдықтар Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның өлімі туралы фильм түсірді. Жақында көрсетіле бастайтын «Сұхбат» атты жаңа комедия Корея билігінің шамына тиді, деп жазады ВВС.

КХДР билігі: Ким Чен Ын туралы комедия экранға шықса, АҚШ-қа соғыс жариялаймыз

Тіпті Солтүстік Корея СІМ өкілі егер бұл фильм экранға шықса, біз соғыс жариялаймыз деп ескертті. «Жоғары басшылыққа шабуыл жасау туралы фильмнің шығарылуы мен көрсетілуі - бұл террор мен соғыстың жауапкершіліксіз актісі. Егер американдық әкімшілік бұл фильмді шығарса, біздің тараптан аяусыз контршаралар қолданылады , - деп келтіреді ВВС Солтүстік Кореяның СІМ-нің мәлімдемесінен. Сюжет бойынша АҚШ-тың екі тілшісі Солтүстік Кореяға бас хатшымен кездесуге барады. Шын мәнісінде оларға Ким Чен Ынды өлтіру тапсырмасы берілген еді. Солтүстік Корея билігі аталған фильмді түсіргендерді қатты сынға алды. Олар оны «терроризм актісі» деп атап, фильмнің айналымға шықпауы үшін барлық шараны қолға алуға уәде етті. Айта кетейік, таяуда Ким Чен Ын «Glorious Leader!» компьютерлік ойынының кейіпкеріне айналды. Онда бас хатшы Пхеньян көшелерінде отты жалғыз мүйізбен шауып, американдықтарды өлтіруі керек. Әрбір деңгейде «босс» бар. Солардың бірінде Ким Чен Ынға алып роботқа айналған Бостандық мүсінін жеңу міндеті тұр. Солтүстік Корея көшбасшысының одақтасы бар, ол - американдық баскетболшы Деннис Родман.