КХДР-да 36 жылдан кейін бірінші рет Еңбек партиясының съезі өтпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның билігі басқарушы елде Еңбек партиясының съезі өткізілетінін хабарлады. Бұған дейінгі съезд 1980 жылы өткізілген болатын. Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары VII съездің басталуы 6 мамырға жоспарланғанын хабарлады.
Шараны дәстүрлі түрде КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын басқарады.
Съездің күн тәртібі нақтыланбайды, бірақ сарапшылардың айтуынша, КХДР-дағы осындай шараларда саяси бағыттың өзгеруі туралы қандай да бір хабарламалар жария етілуі мүмкін.