КХДР-да Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты шаралар басталды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - КХДР астанасында 15 сәуірде аталып өтетін «Күн күні» деп аталатын Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толуына арналған кинофестиваль басталды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Пхеньяндағы кинофестивальға «Президент Ким Ир Сен және көшбасшы Ким Чен Ир халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында әрқашан бірге болды», «Ұлы және тамаша командирдің басшылығымен» деректі фильмдері, «Корея жұлдызы», «Ұлттың Күні», «Менің елім», «Пэктусан тауы», «Фотосурет» және басқа да көркем фильмдер ұсынылады. Бұл арадағы Пэктусан тауы - кореялер үшін Ким Чен Ир дүниеге келген қасиетті жер.  Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, бұл ленталардың барлығы «Ким Ир Сеннің өшпейтін революциялық ерліктерін шынайы бейнелейді». 10 күндік кинофестиваль Пхеньянның барлық кинотеатрларында және елдің басқа да қалаларында өтеді.

Мерекеге орай КХДР-дың «алғашқы және мәңгі президентіне» арналған ескерткіш маркалар сериясы шығарылды. Кейбір миниатюраларда Ким Ир Сен зайыбы, жапондармен күрестегі батыр саналған Ким Чен Сукпен бірге бейнеленген. Ол Ким Ир Сенмен және Ким Чен Ирмен бірге Пэктусан тауының үш ұлы қолбасшысы болып саналады.  Шара ауқымында ежелгі корей жекпе-жегі - тхэквондодан жарыстар басталды. 11 сәуірде мұнда дәстүрлі «Сәуір көктемі» фестивалі басталады, оған әртүрлі елдерден 800-ге жуық әртістер қатыспақ, олардың арасында Ресей, Қытай, Италия және Франция өнер шеберлері бар.  12 сәуірде чучхе идеясы жақтастарының Бүкіләлемдік  конгресінің салтанатты ашылуы өтеді. Оның басты тақырыптары - имперализммен күрес, чучхе идеясы негізінде жаңа бейбіт және гүлденген қоғам құру болмақ. Чучхе корей тіліне аударғанда «өзіндік бірегей», «өзіне өзі қожа» деген ұғымды білдіреді, ол 1994 жылы қайтыс болған республика президенті Ким Ир Сен жасаған КХДР-дың мемлекеттік идеологиясы.

Салтанаттардың басты шарасы жасанды жер серігін ұшыру болмақ. БҰҰ, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония КХДР-ды бұл идеядан бас тартуға шақырды. Алайда КХДР жер серігінің бейбіт мақсатта екенін айтып ақталуда.

«Күн күні» мерекесін ресейлік, қытайлық, американдық және жапондық телекомпаниялардың журналистері көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар