КХДР-да зымыранды ұшыру сәтсіз аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея елінің Қорғаныс министрлігі КХДР-да тағы бір баллистикалық зымыранды ұшыру сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді.
None
None

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Министрлік КХДР ұшыруы мүмкін зымыранның типі туралы мәлімет айтудан бас тартты.

Бірақ оңтүстіккореялық Йонхап ақпараттық агенттігі аты аталмаған әскери дереккөздерге сілтемемен сыналған зымыран орташа қашықтыққа ұшатын «Мусудан» типті зымыран екендігін хабарлап отыр.

Солтүстік Кореяда сәуір айында үш рет осындай зымырандарды ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталған. Пхеньян « Мусуданды» бірде-бір рет сәтті ұшыра алмаған.

БҰҰ-ның қарары Солтүстік Кореяға кез келген баллистикалық зымыранды пайдалануға тыйым салады. Соған қарамастан, КХДР елдің шығыс жағалауынан теңізге қарай қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды үнемі ұшырып отыр.

Қаңтарда Пхеньян сутекті бомбаның сынағын сәтті өткізгенін мәлімдеді. Бұл елге қарсы жаңа санкцияларды енгізудің бір себебі болды.

Соңғы жаңалықтар