КХДР гипердыбыстық зымыранды сәтті сынағанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Пхеньянда гипердыбыстық қаруды жасаудағы жаңа жетістіктер туралы хабарлады. КХДР билігінің хабарлауынша, гипердыбыстық маневрлі басқарылатын оқтұмсығы бар орташа қашықтыққа ұшатын зымыран сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы DW хабарлады.  

зымыран
Фото:https://www.dw.com/

Өзін-өзі ядролық держава деп жариялаған Солтүстік Корея гипердыбыстық оқтұмсығы бар орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды жасауда жаңа прогресс туралы хабарлады. 

«Жексенбі күні КХДР-ның зымыран жасап шығару Бас басқармасы гипердыбыстық маневрлі басқарылатын оқтұмсығы бар қатты отынды орташа-алыс радиуста әрекет ететін баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Ұшыру сәтті өтті», - деп хабарлады дүйсенбі, 15 қаңтарда Солтүстік Кореяның БАҚ.

КХДР-дағы зымыран сынақтары Оңтүстік Корея мен Жапонияда тіркелді. Оңтүстік Корея әскерилерінің мәліметінше, орташа қашықтыққа ұшатын зымыран шамамен мың шақырым ұшып, Жапон теңізіне құлаған. Оңтүстік Корея сынақты айыптап, оны Пхеньянға кез келген қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуге тыйым салатын БҰҰ қарарларын айқын бұзу деп атады. Мұндай зымырандар ядролық оқтұмсықтармен жабдықталуы мүмкін.

Оңтүстік Кореяның «Ренхап» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян өткізген жаңа зымыран сынағы КХДР АҚШ-тың құрлықтық аймағын соғуға қабілетті «Хвасон-18» қатты отынды континентаралық зымыранын сынақтан өткізген 18 желтоқсаннан кейін бірінші сынақ болып отыр.

Түркия 2026–2035 жылдар аралығын «Отбасы және демография онжылдығы» деп жариялады
Ұқсас жаңалықтар

Түркия 2026–2035 жылдар аралығын «Отбасы және демография онжылдығы» деп жариялады