КХДР кореяаралық байланыс кеңсесін жарып жіберді

СЕУЛ. YONHAР-ҚазАқпарат – Сейсенбі күні КХДР шекарадағы Кэсон қаласында орналасқан кореяаралық байланыс кеңсесін жарып, Корея түбегінде шиеленісті күрт күшейтті. Бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

КХДР кореяаралық байланыс кеңсесін жарып жіберді

Оқиға Сеулдің Пхеньянға қарсы насихат үнпарақтар таратқаны үшін КХДР-дың күн сайын қорқытуынан басталды.

Корея Республикасының Бірлесу министрлігі КХДР байланыс кеңсесін жергілікті уақыт бойынша сағат 14:49-да жарғанын хабарлады. Бұған дейін әскери дереккөздер Кэсон қаласында түтін байқалып, жарылыс естілгенін мәлімдеген.

Бұдан бірнеше күн бұрын КХДР көшбасшысының кіші қарындасы Ким Ё Чжон сенбі күні кешке бүкіл әлемнің КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы байланыс кеңсесінің мәнсіздігіне көз жеткізетінін айтты.

Шенеуніктердің айтуынша, жарылыстан кейін Оңтүстік Корея шекарадағы күзетін күшейтіп, әскерін жоғары әзірлік деңгейіне келтірді.