КХДР мен Оңтүстік Корея соғыс кезінде ажырап қалған туысқандардың кездесуіне рұқсат етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік және Оңтүстік Корея 1950-53 жылдардағы соғыс ажыратқан жанұялардың кездесуін өткізуге келісті, деп хабарлады оңтүстіккореялық БАҚ.
Кездесу 20-26 қазанда КХДР-дың Кымгансан таулы курортында өтеді.
Шешім КХДР Қызыл Крест қоғамы өкілдері және Оңтүстік Кореяның шекара маңындағы Пханмунджом ауылында өткен келіссөздер нәтижесінде қабылданды.
Туыстарынан ажырап қалған жанұялардың мұндай кездесуі соңғы рет өткен жылдың басында өткізілген болатын.
Он мыңдаған адам 1950-53 жылдардағы соғыс аяқталған соң бөлініп кетті. Пхеньян мен Сеул арасында дау толық аяқталған жоқ. Өйткені, дау бейбітшілік шартын жасасумен емес, келісімге келумен аяқталды.
Фото: globallookpress.com