КХДР Оңтүстік Кореяға соғыс жариялады

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат -КХДР билігі Оңтүстік Кореямен «соғыс жағдайына» түсетіндігін жариялады.
None
None

Бұл туралы солтүстіккорейлік Орталық телеграфтық агенттігіне сілтеме жасап АҒР хабарлады.

«Осы уақыттан бастап корейаралық қарым-қатынастар соғыс жағдайына түседі, және екі Кореяға қатысты барлық мәселелер соғыс уақытындағы заңдар бойынша шешілетін болады», - делінген КХДР үкіметінің барлық мемлекеттік мекемелер мен ведомстволарға жолданған мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын ракеталық әскерді Оңтүстік Корея мен Тынық Мұхитындағы америкалық әскери базаларға соққы жасау үшін дайындық күйіне келтіру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұйрыққа АҚШ Оңтүстік Кореямен бірлескен оқу-жаттығуы барысында бәрінен бөлек, ядролық қаруды жеткізуге мүмкіндігі бар В-2 стратегиялық бомбалаушысын жұмылдырғаннан кейін бірнеше сағаттан соң қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар