КХДР Оңтүстік Кореяға тағы да қоқыс шарларын жіберді
ПХЕНЬЯН. KAZINFORM – Солтүстік Корея тағы да Оңтүстік Кореяға қоқыс толтырылған шарларды ұшырды. Бұл туралы Оңтүстік Корея қарулы күштеріне сілтеме жасаған «The Korea Times» хабарлады.

Бұл жолы 420 әуе шары ұшырылған, оның бірінші бөлігі 4 қыркүйек күні кешке жіберілгені нақтыланды. Ал ертеңіне ауада қоқыс шарлары тағы да пайда болған.
Шарлардың ішінде негізінен денсаулыққа қауіп төндірмейтін қағаз және пластик қалдықтары бар екені атап өтілді.
«Associated France Press» агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың мамыр айынан бастап КХДР Оңтүстік Кореяға қарай 3800-ден астам қалдық толтырылған шарларды ұшырды. 4 қыркүйекте жіберілген әуе шарларының ұшырылуы соңғы бес айдағы он үшінші оқиға болды.
Айта кетейік, маусым айында Солтүстік Корея қоқыс салынған 300 шақты шарды Оңтүстік Кореяға қарай ұшырған еді.