КХДР Сеулге Сары теңізде атыс жаттығуларын өткізу жоспарланғанын ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР Корей Республикасын (КР) Сары теңіздегі шекарада атыс жаттығуларын өткізуді жоспарлағаны туралы хабардар етті, деп жазды ИТАР-ТАСС.

КХДР Сеулге  Сары теңізде атыс жаттығуларын өткізу жоспарланғанын ескертті

Бұл туралы оңтүстіккорейлік қарулы күштердің штаб бастықтары комитетінің ресми өкілі хабарлады.

Хабар факс арқылы жіберілген. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, атыс шекара маңындағы 7 ауданда өткізілмек.

«Солтүстік Корея атыс кезінде Оңтүстік тараптың әскери кемелерінің қозғалысын бақылауға алуын талап еткен», - деп хабарлады Сеул өкілі.

Солтүстік Корея тарабы атыс жүргізілетін нақты уақытты айтпаған.