КХДР тағы да зымыран ұшырды

None
None
СЕУЛ. Yonhap-ҚазАқпарат – КХДР бүгін таңертең Шығыс теңізде тағы екі зымыран ұшырды. Олар жақын қашықтыққа атылатын баллистикалық зымыран болуы әбден мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Пхеньян Оңтүстік Корея мен Вашингтон арасында өтіп жатқан бірлескен әскери оқу-жаттығуларға осылай наразылық танытып отыр.

Оңтүстік Кореяның қарулы күштері снарядтардың жергілікті уақытпен таңғы 5:24 және 5:36-да Оңтүстік Хванхэ провинциясының шығыс жағалауынан ұшырылғанын растады. Екі зымыран шамамен 450 км ұшқан.

«Оңтүстік Корея және АҚШ барлау органдары бүгінгі зымырандар сипаттамасы жағынан КХДР 25 шілдеде ұшырған баллистикалық зымырандарға ұқсайды деп санайды», - дейді Оңтүстік Корея әскерилері.

«Біздің әскерилер ұшырылымдардың қайталану жағдайына бақылау жүргізіп отыр және олар толық даярлық күйіне келтірілді», - деді Корея Республикасы Бастықтар штабының бірлескен комитетінде.

КХДР екі аптаның ішінде осымен төртінші мәрте зымыран ұшырып отыр. Бұған дейінгі зымырандардың алғашқы легі 600 км, екінші ретінде 250 км ұшқан.

Соңғы жаңалықтар